Елеуов Мадияр 1946 жылы туылған, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих такультеті археология және этнология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы. 1975 жылы С.М. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 1975-1999 жылдары аралығында Қазақтың әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің Археология және этнология кафедрасында лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, докторант қызыметтерін атқарған. 1999-2001 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінде Археология және жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі. 2001 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, 2001- 2008 жылдары аралыңында аталған университеттің Археология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, 2008 жылдан әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. 2007 жылдан «Археолог» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. М. Елеуов 1991 жылы 07.00.06-Археология мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты, 1999 жылы осы мамандық бойынша тарих ғылымдарының докторы диссертациясын қорғаған. М. Елеуов 1975 жылдан бері Шу мен Талас өңірлері мен Оңтүстік Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық елді мекендері мен қалаларының пайда болуы, қалыптасу, даму тарихын; Ұлы Жібек жолының Қазақстан арқылы өткен бөлігі мен Қазақстанның ортағасырлық керуен жолдарын табысты зерттеп жүрген маман археолог, ол өзінің зерттеп жүрген мәселелері бойынша Республикаға және алыс жақын шетелдерге белгілі зерттеуші. М. Елеуов сонымен қатар, Қазақстанның мәдени мұрасы ескерткіштерін ашу, есепке алу, қорғау және сақтау ісіне сүбелі үлес қосып жүрген тарихи жәдігерлердің үлкен жанашыры. 2002-2007 жылдар аралығында ол басшылық еткен Тұран археологиялық экспедициясы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының Қаратауға қатысты аудандарында кең көлемде археологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, осы уақытқа дейін есепке алынбаған 1000 жуық жаңа ескерткіштер ашылып, оларды ғылыми айналымға енгізді. 2008 жылы М. Елеуовтың басшылығымен Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бұрын белгісіз болып келген 277 ескерткіш ашып, Созақ ауданының тарихи мәдени ескерткіштері Жинағының қол жазбасын баспаға даярлады. М. Елеуов 2004 жылдан бастап Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы табиғи апаттын бұзылып жатақан ортағасырлық қалалар мен елді мекендерді кеңінен зерттеп жүрген және оларды сақтау, қайта қалпына келтіру, туристік нысандарға енгізу бағытында қажырлы еңбек етіп жүрген азамат. М. Елеуов Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен керуен жолдарына арналған 450 астам ғылыми мақалалардың 4 монографияның және археологиялық зерттеулерге арналған «Археологиялық зерттеулердің әдістері» (2007 ж.) атты қазақ тілінде шыққан алғашқы оқу құралының авторы. М. Елеуовтің «Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары» (1998 ж), «Ескерусіз қалған ескерткіштер» (2005), «Қартаудың ортағасырлық керуен жолдары» (2007 ж), «Қарақұр ескерткіштері» (2008 ж) атты монографиялақ еңбектерінде ортағасырлық Қазақстанның өзекті мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар осы еңбектерде тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау, қорғау және оларды насихаттау мәселелері көтерілген. М. Елеуов Жоғары оқу орнында табысты еңбек еткені үшін 2006 жылы ҚР Білім және ғылым минситіргілінің «Құрмет грамотасымен», 2009 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2009» төсбелгісімен (ҚР БҒМ Бұйрығы № 34. - 01.02.2009.) марапатталған. М. Елеуовке 2010 жылғы желтоқсанның 7-дегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Высшее
1975

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
Доктор
Исторические науки
28.04.2000

Ученое звание

Наименование ученого звания
Дата присвоения
Доцент
20.09.1996
Профессор
27.06.2008
Почетные звания
Наименование почетного звания Дата присуждения
Государственный грант "Лучший преподаватель вуза" в 2009 году 07.12.2010
Государственные премии
Наименование премии Дата присуждения
Государственный грант "Лучший преподаватель вуза" в 2009 году
Интересы

11

Елеуов Мадияр

2011 - г. 8 - стр. 0
12

Елеуов Мадияр

2011 - г. 5 - стр. 3
13

Елеуов Мадияр

2011 - г. 6 - стр. 4
14

Елеуов Мадияр

2011 - г. 6 - стр. 0
15

Елеуов Мадияр

2011 - г. 9 - стр. 0
16

Елеуов Мадияр

2011 - г. 7 - стр. 0
17

Елеуов Мадияр

Sphero-conical vessels of Aktobe medieval ancient settlement 2014 - г. 4 - стр. 0
18

Елеуов Мадияр

Түркістан оазисіндегі археологиялық ескерткіштердің ашылу тарихы 2006 - г. 4 - стр. 0
19

Елеуов Мадияр

Ортағасырлық Ақтөбе қаласының XXI ғасырдың басындағы экологиялық ахуалы 2009 - г. 8 - стр. 0
20

Елеуов Мадияр

Сырдарияның орта ағасы мен Қаратаудың ортағасырлық қалаларының 1960 жылға дейінгі ашылу тарихы 2010 - г. 6 - стр. 0
21

Елеуов Мадияр

Республикалық "мәдени мұра" стратегиялық бағдарламасы бойынша 2009 жылы ортғасырлық Тамды қаласында жүргізілген зерттеулер 2010 - г. 3 - стр. 0
22

Елеуов Мадияр

Сырдарияның орта ағысы мен Қаратаудың ортғасырлық қалалары мен елді мекендерінің 1960 жылдан кейінгі ашылу тарихы 2010 - г. 12 - стр. 0
23

Елеуов Мадияр

Ортағасырлық Түймекент қаласы 2010 - г. 9 - стр. 0
24

Елеуов Мадияр

Ортағасырлық Түймекент қаласында 2011 жылы жүргізілген зерттеулер 8 бет 2011 - г. 8 - стр. 0
25

Елеуов Мадияр

Шу-Талас өңірлері мен Қаратаудың ортағасырлық қарауыл мұнаралар мен қарауыл төбелері 2011 - г. 7 - стр. 0
26

Елеуов Мадияр

Шу-Талас өңірлері мен Қаратаудың солтүстік беткейіндегі ортағасырлық қалалардың қорғаныс жүйесінің 1938-1983 жылдардағы зерттелу тарихы 2013 - г. 12 - стр. 0
27

Елеуов Мадияр

Ақымбек Е.Ш. 2015 - г. 8 - стр. 0
28

Елеуов Мадияр

Ақымбек Е.Ш. Винодельческие мастерские в средневековом городище Актобе 2016 - г. 8 - стр. 0
29

Елеуов Мадияр

2016 - г. 7 - стр. 48
30

Елеуов Мадияр

216 - г. 6 - стр. 80
31

Елеуов Мадияр

Раскопки проведенные 2014 году в городе Тараз 2015 - г. 8 - стр. 77
32

Елеуов Мадияр

2015 - г. 6 - стр. 45
33

Елеуов Мадияр

Локализация средневекового городища Мерке и Мынбуалак 2016 - г. 5 - стр. 0
34

Елеуов Мадияр

Некторые проблемы изучения Джетыасарской культуры 2016 - г. 7 - стр. 0
35

Елеуов Мадияр

Средневековое городища Мерке 2017 - г. 6 - стр. 0
36

Елеуов Мадияр

Средневековое городища Мерке 2017 - г. 6 - стр. 0
37

Елеуов Мадияр

Citadel of the Medieval ancient settlement of Aktobe (Balasagun) on the great silk Way 2016 - г. 6 - стр. 0
38

Елеуов Мадияр

Medivel site Utirtobe 2017 - г. 3 - стр. 0
39

Елеуов Мадияр

Ақымбек Е.Ш. Мұсылман архитектурасы стилінде салынған мұнара іргетасы (Ортағасырлық Ақтөбе қаласы) 2016 - г. 5 - стр. 0
40

Елеуов Мадияр

Восьмигранный Медресе Кышкала 2020 - г. 7 - стр. 1